Париж-2024: Бүгін шаршы алаңда қай спортшыларымыз сынға түседі

Стенд атудан екінші іріктеу күнінде Әсем Орынбай жарысқа қатысады

Фото: Qazaqstan.tv

Бүгін Олимпиада ойындарының тоғызыншы күнінде 7 спортшымыз ел намысын қорғайды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Никита Чирюкин пневноматикалық пистолетпен 25 метрге оқ атудан жарыс жолына шығады.

Сонымен қатар жеңіл атлетикадан Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей, Давид Ефремов және Ольга Сафронова сынға түседі.

Стенд атудан екінші іріктеу күнінде Әсем Орынбай жарысқа қатысса, бокстан Нұрбек Оралбай жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.

 

Жүктелуде...