Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Былтыр маусымда 66 мың гектарға жуық орман қоры зардап шеккен еді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» 70 мыңнан астам көшет отырғызылды. Резерват аумағында заманауи швед жабдықтары арқылы жеделдетілген технология бойынша жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшеттері өсіріледі. Күйген ағаштарды кәдеге жарату, қайта өңдеу үшін өңірде дайын өнім – ЛБТ, АЖТ, ББТ, отын брикеттерін шығаратын ағаш өңдеу кешенін салуға 7,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Биыл Үкімет қаулысымен 1 шілдеден бастап еліміздегі орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастады. Орман өрт сөндіру бекеттерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің, табиғатты қорғау және орман орналастыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 100%-ға дейін үстемеақы алады.
Былтыр жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 37 бірлік арнайы техника, оның ішінде өрт сөндіру машиналары, шағын орман өрт кешендері, трактор, патрульдік автокөлік сатып алынды. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жұмыстар жалғасып жатыр.