60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Елдос Сметов Оңтүстік Корея, Моңғолия және Қытай спортшыларын жеңді. Алайда финалда жапониялық Хаято Кондоға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
34 жастағы спортшы үшін бұл – Азия ойындарындағы үшінші медаль. 2014 жылы Инчхонда өткен Азиадада Сметов жеке сында алтын, командалық жарыста күміс медаль алған.
Сондай-ақ 48 келіге дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова да күміс жүлде жеңіп алды. Финалда ол Жапония өкілі Мицуки Кондоға қарсы шығып, қарсыласына жол берді.
Осылайша, Абиба Әбужақынова Азия ойындарында екінші рет күміс медаль иеленді. 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азиадада да қазақстандық дзюдошы күміс жүлдегер атанған еді.