Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ауыл мұғалімі 2 мың теңгеге Алматыдан баспаналы болды

Ол курсқа қатысу үшін 2000 теңгені банктен бөліп төлеумен алған

Ауыл мұғалімі 2 мың теңгеге Алматыдан баспаналы болды
Фото: Instagram/ aidaserikova25

Құны 80 млн теңге тұратын үйге конкурс ұйымдастырған блогер Аида Серікова жеңімпазды жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz 

Ұйымдастырушы үйлі болған ер адамның жылағанын көріп, көз жасын ұстай алмаған.

Алматыдағы 80 000 000 теңге тұратын үй ауылда мұғалім болып істейтін Айдос Иманалиев пен жұбайына бұйырды.

Жас отбасы Алматыға несие рәсімдеуге барған. Алайда банк жас маманға несие бермей қойған.

"Енді, міне, Аллам несие бермесе де, 100 000 000 теңгелік үйді бұйыртты. Эмоциясын айта алмаймын. Үйіңіз тағы да құтты болсын", - деп жазды Аида Серікова.

Блогер жариялаған видеодан жас отбасының үйдің кілтін алып жатқанда қобылжып, қуаныштан жылағанын көруге болады. Конкурс арқылы үй бұйырған жас жігіт ауылда география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді екен.

Аман-есен үйді табыстадық. Халықтың жылы сөзін, қолдауын естіп, көзімізден жас тоқтамай жатыр. Баспанаңыз құтты болсын. Айдос аға жастайынан әкесінен де, шешесінен де айырылған. Інісі екеуі тете өсіп, мектепті жақсы оқып, ҚазҰУ-ды қызыл дипломмен бітіріпті. Өте сауатты кісі. Қазіргі таңда, география пәнінің мұғалімі екен. Қарапайым жандарға Алла кісілерге еселеп берсін. Осы күнге дейін қиындықты тек күліп қарсы алған екен. Кешегінің өзінде қалай екі езуі күліп кірді, соңына дейін солай күліп жүрді ғой, - деп жазды блогер.