Оқиға 30 қазанда болған. Қарт адамның мәйіті ауладағы орындықтардың бірінен анықталған. Болжам бойынша, оған шабуыл жасалып, тамағы кесілген.
Осы жағдайдан кейін қала тұрғындары арасында тағы бір адамның белгісіз біреудің шабуылынан зардап шегіп, жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталмады.
Полиция 86 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын растады. Сонымен қатар құқық қорғау органдары екінші шабуыл туралы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция күдіктіні іздестіру шараларын қолға алған.