Билікке ұсыныс ретінде. Қазақстанға ең керегі Президенттің ЖІӨ-ді 2 есеге көбейтуді қамтамасыз ету. Ол үшін не істеу керек?
Бұл туралы Оразалы Сабден Facebook парақшасында жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Сапалы түрде экономикаға серпіліс беру керек. Экономиканың үдемелі дамуы, ЖІӨ өсуі жылда 6,7% болу қажет. Елімізде барлық мүмкіндіктерді, резервтерді қосып, жайбасарлықтан кетіп, үдемелі даму траекториясына шығуымыз қажет. Бұл жерде маңыздысы білім мен ғылым, терең рухани құндылықтарымыз, табиғи байлығымыз бен ұлан байтақ жеріміз, халықтың осыған деген ынта-жігері мен бірлігі. Бұл біздің мүмкіндіктеріміз.
Экономиканың дамуының приоритеттерін белгілегенде әлем дамуының заңдылықтарын ескеру керек. Ол әрине ҒТПрогресске байланысты факторлар: интеллектуалды білім потенциялы, ғылымның даму деңгейі, өндірістің ғылыми- техникалық, инновациялық пәрмені. Дамыған елдердің 80% табысы осы интеллектуалды әлеуетті пайданалудан келуде, ал бізде керіснше. Тағы бір заңдылық, ол 6 технологиялық укладты тез игеруге байланысты. Олар: нано- и биотехнология, системы искусственного интелекта, Аі технологии, роботизации, космостық технология, ядролық және сутегі энергетика. Әлем осымен жарысуда. Егер қай Мемлекет ҒТП- ке, ғылыми ізденіске аса мән берсе, түбі сол ел озады.
Енді осыларды ескеріп, біз Қазақстан экономикасын үдемелі дамыту үшін негізгі приоритетті бағыттарды белгілеуіміз керек.Олар менің ойымша мыналар:
-нано- және биотехнологияны удемелі дамыту(Апк, медицина т.б. салаларда);
- энергетиканы техникалық қайта жарақтандыру, тозу маңызды кезеңдегі сақтық шаралары (70-75%;
-озық технологияларды енгізу өнеркәсіп және басқа салалар;
- тұрғын үй құрылысы және қайта құру коммуналдық;
-табиғатты сауықтыру;
-кіші, орта кәсіп;
-ауылды дамыту, тағы басқа бағыттары...
Осыларды жасау үшін қомақты инвестициялық қолдау және инновациялық пәрмен керек, экономиканың құрылымын жаңарту қажет.
Бізге удемелі даму үшін төмендегідей іс-шараны қамтамасыз ету қажет:
-Еліміздің, жеріміздің қауіпсіздігі және су, жер сілкінісі, т.б.техногендік апаттардан алдын ала сақтану іс-шарасы;
-бизнесті қолдау үшін, кәсіпкер қоғам етуге салықты төмендету;
-адам құқығын сақтау;
-халықаралық нарыққа тауар шығару, логистикалық қызмет етуді күшейту; -мәдениет, білім, туризм, байланыс, транспортқа сапалы инфрақұрылым жасау.
Енді осы удемелі дамуды кім жасайды? Есте болсын, еш уақытта қалыптасқан жүйе мұндай реформаны өзі жасамайды. Себебі шектен шыққан бюрократия мен сыбайлас жемқорлық...
Тек Президент пен Құрылтайдын қолдауымен құрылған арнайы орган мұны іске асыруы мүмкін. Оның аты жоба ретінде" ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ҮДЕМЕЛІ ДАМЫТУ АГЕНТСТВАСЫ" болса. Бұл тікелей Президенттің патронажында болса, статусы Министрлерден жоғары. Агенттіктің Бақылау Кеңесінде Премьер Министр, керек Министрлер, депутат, Фондтар, ғалым-эксперттер болса. 3 ай ішінде Агенттік Қазақстанның удемелі даму стратегиясын Бақылау Кеңесіне ұсыну қажет. Оны бір ай ішінде қоғаммен талқылап қабылдау керек. Ары қарай Президент бекітіп Агенттік іске асыру жоспарын жасап іске кіріседі. Оған барлық билік жүйесі қамтылады.
Осы реформаның өте қажет екендігі туралы қоғам мен халықпен диалог жүргізу керек. 4 ай ішінде халық тікелей көреді, істің жүре бастағанын. Тек осындай сара жол жетістікке әкеледі. Жетістік дегеніміз- азаматтардың өмір сүру сапасының жоғары болуы, қоғамда үлкен сенімділік, реформаны халықтың қолдауы және тиімді билік.