weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алғабастағы өрттен аман қалған жалғыз бала да қайтыс болды

Түркістан облысы Алғабас ауылында 18 қарашада өрттен ауыр жарақат алған 7 жастағы қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Алғабастағы өрттен аман қалған жалғыз бала да қайтыс болды

Бұған дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев оның жағдайы өте ауыр екенін мәлімдеген болатын. Кішкентай қыз санитарлық авиациямен Жетісай аудандық ауруханасынан Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына жеткізілген еді.

Дәрігерлер бар күшін салғанымен, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Марқұмның денесі жедел жәрдем көлігімен туған ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды.

Еске салайық, көлемі 360 шаршы метр жеке тұрғын үйде орын алған өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 2 адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→