Министрдің айтуынша, инвестицияның басым бөлігі бюджеттен тыс көздерден келеді, - деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл туралы dalanews.kz жазады. Оның ішінде ұлттық холдиңдер, ішкі және сыртқы капитал нарықтары, жеке және халықаралық қаржы салымдары бар. «Бюджеттен тыс инвестициялар көлемі — 7 трлн теңге. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» холдиңдері, екінші деңгейлі банктердің ішкі ресурстары мен өзге де институттық инвесторлар тарапынан» дейді министр.
Ақпанның басында үкімет 2024 жылы экономика өсімі кемінде 5,3% болады деп болжам жасаған. Ал былтырғы деңгей 5,1% болған.
Көшбасшы салаларға келсек, құрылыс саласындағы өсім 13,3% болса, саудада — 11,3%, ақпарат және байланыста — 7,1%, көлік қызметтері — 6,9%, өнеркәсіпте — 4,3%. Былтыр инфляция 2 есе төмендеп, 9,8% болған еді.
Биыл үкімет шамамен 6-8% шамасында ұстап тұруды жоспарлап отыр. Нұрлан Байбазаров қазіргі уақытта транзиттік әлеуетті дамыту мақсатында жүк вагондары жаңартылып жатқанын атап өтті. Ал теміржол паркін жаңарту үшін отандық зауыттар тартылып жатыр.
Мамыр айының соңында «Жолаушылар тасымалы» компаниясының басқарма басшысы Жәнібек Тайжанов Астанада алғаш рет құрастырылған швейцариялық Stadler-дің жолаушылар вагоны 2025 жылдың желтоқсанында компания қарамағына өтетінін айтқан. Осылайша алдағы жылы қалааралық тасымалға 100-ге тарта вагон алынады.
«Бәйтерек» «Қазақстан темір жолына» отандық вагондар алып жатқанын да атап өту керек. Қаңтардың соңында Ұлттық банк «Бәйтеректің» облигацияларына 173 млрд теңге көлемінде зейнетақы активтерін салған еді. Ал ақпанның аяғында БЖЗҚ-дан вагон алуға бөлінетін сома 184 млрд теңгеге өскені туралы Көлік министрі Марат Қарабаев хабарлаған.
Бұл қаражатқа 3,3 мың вагон алуға жұмсалады. Оның 122-сі ғана — жолаушыларға арналған. Бір жүк вагонының құны шамамен 30-35 млн теңге екен. Ал жолаушылар вагон — 700-800 млн теңге шамасында. Вагондарды «ЗИКСТО» және «КВК» фирмалары дайындайды.