Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қытайда блогер болу қиындады: кеңес бергің келсе, дипломыңды көрсет

Қытайда жаңа заң күшіне енді. Енді әлеуметтік желіде ақыл айту үшін дипломың болуы керек...

Қытайда блогер болу қиындады: кеңес бергің келсе, дипломыңды көрсет

25 қазаннан бастап Қытайда желідегі контентке қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді медицина, заң, қаржы және білім сияқты салаларда кеңес бергісі келген инфлюенсерлер сол бағытта ресми білімі мен сертификаты барын дәлелдеуі керек.

Заңды бұзған жағдайда парақша бұғатталады немесе 14 000 $ шамасында айыппұл салынады.

Бұл шара жалған ақпаратты тежеуге бағытталған. Douyin(Қытайдағы TikTok), Bilibili және Weibo секілді платформалар авторлардың біліктілігін тексеріп, ақпараттың қайдан алынғаны туралы белгі қоюды міндеттейді. Сонымен қатар медициналық қызмет пен қоспаларды жарнамалауға тыйым салынған.

Сарапшылар мұның себебін пандемия кезінде тараған фейк ақпараттың салдарымен байланыстырады. Алайда бұл қадам сөз еркіндігіне шектеу қояды деген пікір де бар.

Әлемде де осындай үрдіс байқалады. Мысалы, Испания ірі инфлюенсерлерді тіркеуден өтуге міндеттесе, Google денсаулық пен қаржы тақырыптарын қатаң тексереді.

Қоғамда бір сұрақ өзекті болып тұр: жауапкершілікті арттыру шығармашылық еркіндікке зиян келтірмеуі тиіс.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату