Сарапшы қазіргі тұрақсыздықтың негізгі факторларын да атап өтті: геосаяси шиеленістер, АҚШ-та Дональд Трамптың қайта президент болып сайлануы және Федералдық резерв жүйесінің шешімдері. Бұл өзгерістер әлемдік нарықтағы құбылмалылықты арттырған.
– «Бұл – бүгінгі күннің шындығы. Осындай ортада кәсіби инвесторлар табыс таба алады, ал көпшілік инвесторлар көбіне шығынға ұшырайды», – деді Турлов.
Оның пікірінше, нарықтағы тұрақсыздық мүмкіндікті жоққа шығармайды. Керісінше, дәл осындай кезеңде ITS халықаралық платформасы АҚШ, Еуропа және басқа да дамыған мемлекеттердің өтімді қаржы құралдарына тікелей қол жеткізуге жол ашады.
– «Бұл тек инвесторлар үшін емес, сонымен бірге брокерлердің халықаралық хабтарға қосылып, өз әлеуетін кеңейтуіне мүмкіндік береді», – деп түйіндеді ол.
Қаржылық сарапшылардың айтуынша, құбылмалы кезеңде басты қағида – тәуекелді азайтып, активтерді әртараптандыру. Мына бағыттарға көбірек көңіл бөлінеді:
Алтын және бағалы металдар
– Дағдарыс кезінде «қауіпсіз айлақ» саналатын құрал. Бағасы әдетте тұрақсыздықта өседі.
Халықаралық өтімді құралдар
– АҚШ, Еуропа, дамыған елдердің биржаларындағы ірі компаниялар акциялары мен облигациялары.
IT және инновациялық сектор
– Ұзақ мерзімді перспективада технологияға сұраныс артады.
Қысқа мерзімді мемлекеттік облигациялар
– Тәуекелі төмен, капиталды қорғауға мүмкіндік береді.
Дивиденд төлейтін тұрақты компаниялар
– Шикізат, энергетика, телеком сияқты салалардағы ірі ойыншылар.
Жер мен жылжымайтын мүлік (жақсы локацияда)
– Ұзақ мерзімге сенімді актив, бірақ өтімділігі баяу.
Криптовалюта –
Тәуекелі өте жоғары, бірақ нарық құбылғанда кей инвесторлар қысқа мерзімді табыс табады.
Жалпы ереже: ақшаны бір ғана құралға емес, бірнеше бағытқа бөліп салу керек.