Түркістан өңірінің депутаттары билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналды

Маңызды мәселелерді реттейтін 115 шешім қабылданды

Фото: turkistan.today

Қазір қоғамның көзі ашық. Ақпарат алаңында бәрі көрініп тұр. Биліктің де, атқарушы органның да, Парламенттің де, мәслихаттардың да жұмыстарын ел жіті бақылап отыр. Бақылап қана қоймай, өз пікірін айтып, мемлекеттің ісіне араласу тетігі ұлғайды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл ретте биыл құрылғанына 30 жыл толған Қазақстан мәслихаттарының еңбегі мол. Оның ішінде Түркістан облысының мәслихаты өз жұмысын жүйелі атқарып, ілкімді істерге бастамашы болып келеді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, елімізде маңыщзды саяси реформалар жасалды. Әділетті, Жаңа Қазақстанды қалыптастыру бағытында нақты қадамдар жасалды. Соның бір көрінісі ретінде 2023жылдың 19 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын айтуға болады. Бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгеше болғанын сарапшылар да, қоғам да жиі айтты.

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланса, депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтті. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс берді.

 Түркістан өңіріндегі сайлау айрықша жоғары деңгейде әрі ашық өтті. Барлық аудан қалада халықтың белсенділігі жоғары болды.  Өңірде сайлаушылардың тізімдеріне 1 168 728 азамат енгізілді. Дауыс беруге 611 955 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 780 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 4 371 сайлаушы дауыс берді. Жаңа мәслихатқа ауқымды міндеттер жүктелді. Парламент те жаңадан жасақталды. 

Түркістан облысының сегізінші шақырылымдағы мәслихатының бірінші сессиясына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Жиында облыстық мәслихат депутаттарына депутаттық куәліктері салтанатты түрде тапсырылды.

– Барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы Үкімет пен депутаттарға дамудың нақты 8 бағытын айқындап берді. Осы бағытттар бойынша жұмыс істейміз. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толады. Осы уақыт аралығында облысты дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Өнеркәсіп саласында облыс бойынша өнім өндіру көлемі былтыр 866 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Инвестиция көлемі өткен жылы 739 млрд. теңге құрап, 8,6%-ға өсті. Биыл өңірге 907 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Өңірдің әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жүйелі шаралар қабылдауымыз қажет. Кіріс көздерін ұлғайтып, өндіріс орындарын ашу үшін аудан, қала әкімдері, басқармалар, депутаттармен бірлесіп өңдеу өнеркәсібін, тау-кен өндірісін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқару – уақыт талабы. Осы ортақ, абыройлы жұмысты іске асыруға сіздер біркісідей ат салысады деп сенемін. Бұл ретте, депутаттарға тұрақты түрде сайлаушылармен кездесулер өткізу керек. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соны жергілікті билікпен бірлесіп шешу – басты мақсат. Сіздерді тұрғындардың өзекті мәселелерін шешіп, ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын, – деді Дархан Сатыбалды.

 Осы жиында жаңадан сайланған 46 депутатқа («Аманат» – 33, «Ауыл» – 4, «Ақ жол» – 4, «Respublica» – 2, партияда жоқ –  3) төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар алғашқы сессияда 3 тұрақты комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды. Атап айтқанда, Бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (15 депутат) құрылып, оның төрағасы болып Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы сайланса, Әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының (15 депутат) төрағасы болып Сәлімов Алмас Алтайұлы сайланды. АлКәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға КөшеновСұлтан Бахытұлы жетекшілік етуде. 

 Түркістандық депутаттардың саяси белсенділігі артып, қоғаммен диалог нығайды

 Биліктің барлық тармағы, оның ішінде мәслихаттарда таптаурын тәсілдер жүрмейтінін, бұрынғыдай жиналыстар мен есептердің дәуірі кеткені аңғарылды. Елге нақты жұмыс, үздіксіз байланыс қажет. Түркістан облысының жаңадан жасақталған мәслихаты жаңаша форматта жұмыс істеп жатыр. Мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов өзі басшы болып, аймақтарды жиі аралайды. Облыс әкімінің халықпен кездесулерінің бәріне қатысып, депутаттарды үйлестіріп жүр. Сонымен бірге мәслихат төрағасының бастамасымен депутаттар атқарған жұмысы туралы БАҚ өкілдеріне брифинг, халыққа есеп беруде. Әлеуметтік желілерде депутаттар сайлаушылармен тікелей диалог орнатып, мәселелердің шешілуіне ықпал етіп жүр. 

 Жеке қабылдаулар, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі қабылдаулар, көшпелі қоғамдық қабылдаулар қалыпты жұмыс режиміне айналған.  Есепті кезеңде депутаттар 100-ге жуық қоғамдық қабылдау өткізді. Жеке қабылдаулар мен кездесулерде көтерілген мәселелер бойынша әкімдіктерге, құзыретті органдарға шаралар қабылдау үшін тиісті хаттар жолданып, бақылауға алынды. 

 Облыстық мәслихат та Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын басты назарға қойып отыр. 4 сессияның онлайн-көрсетілімдері «Youtube» платформасында көрсетілді және бейнежазбасы сақталды. Халық қабылданған шешімдерге тікелей куә болды. Депутаттар «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларында тұрақты түрде елмен диалог орнатып, ақпараттар жариялап отырады. 

 2023 жылы сәуір айынан бастап жаңа сегізінші шақырылымдағы мәслихаттар жұмысына кірісіп, Түркістан облысын дамытуға өз үлестерін қосуда.  Өткен жылы облыстық мәслихаттың  8 сессиясы өткізіліп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 115 шешім қабылданды.

 Бүгінде Түркістан облысы ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласына басымдық беріп отыр. Өзіндік кіріс көздерін молайту да күн тәртібінде тұр. Осы мақсатқа жету жолында мәслихаттар да белсене атсалысып, жедел шешімдер қабылдауда. Атап айтқанда, 2023 жылы бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 10 отырысы өткізіліп, 38 мәселе қаралса, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 10 отырысы өткізіліп,   91 мәселе қаралған. Кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 8 отырысы өткізіліп, 44 мәселе талқыланған. Инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілген. Сессияларда облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тиісті жылдың облыстық бюджеті 4 рет нақтыланды. 

 Мәслихат билік пен қоғамның алтын көпірі ретінде басшылардың жұмыстарын да жіті қадағалауда ұстайды. 14 мемлекеттік мекеменің есептері тыңдалды. Құр есеп тыңдалып қана қоймай, депутаттық топтар әр сала бойынша аудан, қалалардағы нысандарды, мекемелерді аралап, кемшіліктерін көзбен көрді. Мәселелерін жасырмай айтты. Депутаттар  барлық  аудан, қалаладағы спорт нысандарының, білім саласы мекемелерінің жағдайымен танысқан болатын. Кемшіліктер анықталып, тиісті ескертпелер, ұсыныстар берілді. 

Арнайы құрылған уақытша депутаттық топ «ҚазАтомПром Сауран» компаниясына   іссапармен барып, олардың төем төлеудегі олқылықтарын анықтады. Жауапты басқарма мен министрліктің араласуымен депутаттардың әлеуметтік-экономикалық дамуға төленетін төлемдерді  инвестиция көлемінен 2 пайызға ұлғайту жөніндегі ұсыныстары қолдау тапты.Аталған уран компаниясы келісімшартты өзгертіп, төлемді инвестиция көлемінен  2 пайызға көтерді. 

Өткен жылы депутаттар халықты толғандыратын проблемаларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға 400-ге жуықдепутаттық сауал жолдады. Оның 231-і немесе 63% қанағаттандырылып, орындалған. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутаттар 1400-ге жуық қоғамдық қабылдау өткізіп, 5000 жуық азаматты қабылдаған.

 Мәслихатқа жеке және заңды тұлғаларданбарлығы 148 өтініш келіп түскен. Барлық келіп түскен арыз-шағымдар бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмыстар жүргізіліп, өтініш иелеріне мерзімінде жауап берілді. 2023 жылы облыстық мәслихат аппаратының кеңсесіне 1425 құжат келіп түсіп, олар бойынша тиісті жұмыс жүргізілді. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша облыстықмәслихат қабырғасында   13 жиын өткізіліп, тиісті органдарға 24 хаттамалық ұсыныстар берілді. Бүгінде ол ұсыныстардың 15-і орындалған. Депутаттар бірнеше аурухананың жөндеу жұмыстарының ерте аяқталуына ықпал етті. 

«Жалпы, алдағы уақытта Президентіміздің алдымызға қойған міндеттерін, реформаларын орындауға бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек ете беретін боламыз. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламамыздағы жұмыстарды кезең-кезеңімен атқара береміз. Өйткені, бізге сенім білдірген халық алдында үлкен жауапкершілік бар екендігін жақсы сезінеміз», дейді Нұралы Әбішов.

Облыстық мәслихат депутаттарына тұрғындар жиі көмек сұрап келеді. Әрине, бірінші кезекте заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты мекемелерге хат, ұсыныстар жолданады. Бірақ кейбір мәселелерді шешу уақытты талап етеді. Ал тұрғындар оны күте алмауы мүмкін. Осындай сәттердер депутаттар өздері істі қолға алып, көмектесіп жіберетін сәттер бар. Коронавирус дағдарысы, Арыс апаты, Мақтааралдағы су тасқыны, кешегі батыс өңірлердегі су тасқынында өңірдің депутаттары ортақ қор құрып, гуманитарлық көмек керуендерін жолдағанын ел біледі. Биыл еліміздегі мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына орай, бұндай игі істер еселене түсті. Бірқатарына тоқталайық.

Депутат Мағауия Сексенбайұлы Тұрысбеков жомарт жан ретінде танымал. Ол өткен жылыжедел-жәрдем станциясын аралау кезінде медициналық аппараттардың жетіспеушілігін көріп, облыстық жедел жәрдем қызметіне құны 55 млн. теңгеге  өкпені жасанды желдетуге арналған 5 аппаратын тарту етті. Медициналық мүмкіндікті молайтуға үлес қосты. Ал депутат Қалыйма Жантөреева Отырар аудандық мәдениет сарайына өз қаражаты есебінен құны 5 млн теңге болатын 16 дана қазақша үлгідегі киімді тарту етті. Депутат Қайрат Салыбек өз қаражаты есебінен Дербісек ауылына мобильді байланысқа арналған мұнара орнатып берген. Ауылда байланыс қызметі жақсарып, интернеттің жылдамдығы арта түсті. 

 Депутаттар инфрақұрылымды жақсартуға да үлес қосуда. Солардың бірі – Алмас Салимов Сарыағаш ауданындағы Жаңа тұрмыс ауылы көшелеріне орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне атсалысты. Республикалық маңызы бар «Жызақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек-жолы» автожолы бойындағы елді мекендерді абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге көмек берген. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар арасындағы аудандық, облыстық спорттық жарыстарға демеушілік жасап жүр. Ал Жаңабай Ағабеков стратегиялық маңызы бар жұмысты қолға алған. Жыл сайын өз есебінен қаржы бөліп, арнай ыавтобустар ұйымдастырады. Мақсат – солтүстік өңірлерге көшті жандандыру. 2016 жылдан бері солтүстікке көштің жандануына үлес қосып,  осы күнге дейін 3000-ға жуық отбасын Солтүстік Қазақстаноблысына қоныстандыруға атсалысты.

         Депутат Нұржан Әшіров жүйелі түрде соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге өз қаражаты есебінен материалдық жәрдем беріп келеді. Шарбұлақ ауылына өз қаражаты есебінен мешіт салған. Облыстық мәслихат депутаты Бақыт Басымбек ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде су тасқыны орын алған аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуге өз үлесін қосты. Ұдайы қайырымдылықпен айналысып, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетіп келеді. Депутат Сайдирасулхан Ералиев Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылына трансформаторорнатып, сондағы мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжатын жасатуға демеушілік жасады. Ауыл ішіне аялдама орнатып берген. Одан бөлек, халық қалаулысы жүйелі түрде тұрмысы төмен отбасыларға көмектесіп отырады.  

 Депутат Нұрлан Қозыбақов Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округіне ФАП салып берген.Сонымен қатар Төлеби ауданы, Алатау ауылындағы мешіттің соғылуына үлкен үлесін қосып, Қасқасу ауылында спорт мектебінің бой көтеруіне  атсалысқан. Жыл сайын ауыл жастарына спорттық   іс-шаралар өткізіп, жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетіп отырады. Уалихан Рахиев еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық жарыстарға демеушілік жасап, жастарды салауатты өмірге қалыптасу мен спортты сүюге ықпал етуде.

Жалпы қайырымдылық, меценаттық бағытта депутаттардың белсенділігі жақсы. Ең бастысы, жергілікті әкімдік пен мәслихат Түркістан облысын дамытуда бірлік қажет екенін өте жақсы біледі және оны іспен дәлелдеп жүр. 

Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл болды. Түркістанның облыс орталығы атануы өңірдің дамуына серпін берді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарды. Жалпы өңірлік өнім 6 жылда 2,5 есеге өсіп, былтыр 4,2 трлн теңгеге жетті. Жалпы өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артып, өткен жылы алғаш рет 1 трлн теңгені құрады. Былтыр өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған  20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған.Түркістан заманауиқалаға айналды. Мұнда 250-ден астам заманауи ғимарат бой көтерді. Тұрғын үйлер, туристік ғимараттар, қонақүйлер, мәдениет, спорт, білім, медицина, инфрақұрылым нысандары ел игілігіне берілді.Облыс басшылығы биыл жалпы өңірлік өнім көлемін 6 трлн теңгеге жеткізуді көздеп отыр.Өндіріс орындарын, инвестиция көлемін көбейту – негізгі міндет. Құрылғанына 30 жыл толған мәслихат осы бағытта да жүйелі жұмыс жүргізетініне сенім мол.

 

 

 

Жүктелуде...