Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«13 тонналық иллюзия»: Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев жолдағы салмақ шектеулерін қайта қарауды талап етті

Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев Facebook парақшасында еліміздегі жолдардағы салмақ шектеулерінің қисынсыздығын сынға алды. Оның айтуынша, Қазақстанда жолдар 13 тонна жүктемеге есептеліп салынады, бірақ іс жүзінде рұқсат етілген шектеу небәрі 10 тонна. Бұл – экономиканың, тасымалдаушылар мен халықтың мүддесіне қарсы шешім.

«13 тонналық иллюзия»: Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев жолдағы салмақ шектеулерін қайта қарауды талап етті

Депутатқа еліміздің әр өңірінен тасымалдаушылар жиі шағымданады. Груз және жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялар осьтік салмақ нормасы жасанды түрде төмендетілгенін, ал бұл олардың жұмысын қиындатып, табысты азайтып отырғанын айтады.

«Жолды 13 тоннаға арнап салып, 10 тоннамен жүруге мәжбүрлеу – экономикалық тұрғыдан да, логикалық тұрғыдан да ақылға қонбайды», — деді Болатбек Әлиев.

 Экономикалық салдар

Үш тонналық айырмашылық – шамамен 30 пайыздық жүктің кем тасылуы.

Мәселен, үш осьті жүк көлігі әр рейсте 9–10 тоннаға дейін жүктен ұтылады. Соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өсіп, баға қымбаттайды.

«Тасымалданбай қалған әр тонна – инфляцияға айналады», — деп атап өтті депутат.

Лицензиясы бар тасымалдаушылар жазаланып отыр

10 тонна шектеуі жолаушылар автобустарына да қолданылады.

49 орынды автобустар толық толған кезде, багаж салмағын қосқанда оське түсетін салмақ нормадан асып кетеді.

Соның кесірінен салық төлейтін, заңды түрде жұмыс істейтін компаниялар айыппұл арқалап отыр. Ал көлеңкелі тасымалмен айналысатындар еш кедергісіз жүр.

«Біз осылайша адал жұмыс істейтін кәсіпкерлердің еңбегін жазалап, заңға деген сенімді жоғалтып отырмыз», — деді Әлиев.

 Автоматтандырылған аркалардағы қателіктер

Соңғы айларда жүргізушілер «автобаланс» аркаларының дұрыс өлшемейтініне жиі шағымдануда.

Кей жағдайда жолдағы тегіссіздік, шиналардағы қысым айырмашылығы немесе жылдамдықтың әсерінен салмақ көрсеткіштері бұрмаланып шығады.

Кей өңірлерде осындай шағымдардан кейін аркалардың жұмысы уақытша тоқтатылған.

Үш негізгі мәселе

Депутат Болатбек Әлиев үш жүйелі проблеманы атап өтті:

1)Бюджет тиімділігінің бұзылуы.

13 тоннаға есептелген жолды 10 тоннамен пайдалану – миллиардтаған теңгенің бос шығыны.

2)Кәсіпкерлерге жазалау қаупі.

Трасса техникалық тұрғыдан көтере алатын жүктемені тасымалдаушыларға рұқсат етпей отыр.

3)Нормативтердің өзара қайшылығы.

Халықаралық тас жолдарға қатысты нормалар ішкі бағыттарға міндетті емес, сондықтан Қазақстан өзінің нақты жағдайына сай параметр бекіте алады.

«Егер жолдар расымен 13 тоннаға есептелген болса – соған сай жүруге рұқсат беру керек.Ал егер қорқып отырса – онда жол құрылысы кезінде бізді алдаған болып шығады», — деді депутат.

Болатбек Әлиев Көлік министрлігінен І санаттағы жолдарға арналған салмақ шектеуін қайта қарап, жобалық және іс жүзіндегі көрсеткіштердің арасындағы қайшылықты жоюды талап етті.

Журналист Вадим Борейко да депутаттың пікірін қолдап, «13 тонналық иллюзия» мембюджет пен халық қалтасына тым қымбатқа түсіп жатқанын атап өтті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату