Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістан тұрғыны бес ұлдан кейін үшемді дүниеге әкелді

Түркістан облысы, Сауран ауданының Оранғай ауылдық округіне қарасты Қоскөрген ауылында Исрайловтар әулетінің қуанышы қойнына сыймай отыр — олар үшемді қарсы алды.

Түркістан тұрғыны бес ұлдан кейін үшемді дүниеге әкелді
Фото: әлеуметтік желіден

38 жастағы Махру Каримова 20 қыркүйек күні екі қыз және бір ұлды дүниеге әкелді. Бұл сәбилер — отбасының алтыншы, жетінші және сегізінші перзенттері.

Дәрігерлердің айтуынша, үшемдер жүктіліктің 35-аптасында жоспарлы түрде кесарь тілігі арқылы өмірге келген. Нәрестелердің салмағы — 1940, 2000 және 2100 грамм. Бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Кеше олар үйіне шығарылды.

Исрайловтар қуанышты сәтін отбасы мүшелерімен бірге атап өтті. Сәбилерге Сафия, Амир және Хадия деген есімдер берілді.

Сауран аудандық емханасы бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Л. Қодаманова арнайы барып, жас ананы құттықтады. Қазір үшем мен анасы медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату