Қазақстанда Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитеттердің бірін қайта құру жоспарланып отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет қаулысының жобасында Туризм индустриясы комитетін қайта құру туралы айтылады.
"Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрамынан Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылсын", - делінген құжатта.