Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 150 үйдің құрылысы басталды

Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен 150 үйдің құрылысы басталды
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше бүгінгі таңда әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленді. Негізгі құрылысты келесі аптада бастау жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.

– Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарлануда,- дейді Н.Құсайынов.

Ықшамаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен – жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ықшамаудан аумағында екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады. Тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу жоспарлануда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.