weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ең ауыр күндер осымен кетсін»: Димаш құтқарушыларға барып алғысын білдірді

Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды

«Ең ауыр күндер осымен кетсін»: Димаш құтқарушыларға барып алғысын білдірді
Фото: ТЖМ

Әнші Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді. Бұл туралы еліміздің ТЖМ мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom.kz

Белгілі Қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті. Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді.

Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды. 

Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.

“Бауырларға шын жүректен рахмет айтам! Еліміз қиын күндері бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етіп жүре берейік. Ең ауыр күндер осымен кетсін, – дейді Димаш Құдайберген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→