Сұмдық! Ақтау әуежайында шетелдіктер 30 есірткіні асқазанына жұтып өткісі келді

Ведомствоның мәліметінше, екі шетелдікті 21 ақпанында Ақтау әуежайында шекарашылар ұстаған

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ақтауда екі шетелдіктің асқазанынан героин мен «синтетика» салынған 30-дан астам қалташалар табылды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, екі шетелдікті 21 ақпанында Ақтау әуежайында шекарашылар ұстаған.

«Рентгендік сараптама олардың құрсақ қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралар көмегімен шетелдіктердің асқазанынан героин мен синтетикалық есірткі салынған 30-дан астам қалташалар алынды» деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір келіге жуық екені атап өтілді.

«Соттың қаулысымен сотталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Жүктелуде...