weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 20:00 / NewsRoom / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Талдықорғанда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Талдықорғанда есірткінің заңсыз айналымына күдік келтірілген 32 жастағы ер адам ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 6 келі 550 грамм гашиш тәркіленген, деп хабарлайды Newsroom.kz ІІМ-нің Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

⁠Талдықорғанда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Фото: Видео үзіндіден

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықтаған.

Полицияның мәліметінше, ер адамның үйіне санкцияланған тінту жүргізілген. Сол кезде өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама оның гашиш екенін растаған. Жалпы салмағы 6 келі 550 грамм болған. 

Құқық қорғау органдары бұл есірткінің ірі партиясы заңсыз айналымға түсіп, қала көшелеріне таралуы мүмкін болғанын атап өтті. 

Ұсталған азаматқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол қамауға алынған. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін басқа да тұлғаларды іздестіріп жатыр. 

Полиция күдіктінің есірткіні нақты қандай мақсатта сақтағаны және оның заңсыз айналымдағы ықтимал басқа қатысушылары туралы қосымша ақпарат әзірге жариялаған жоқ.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→