weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

1,5 келі мефедрон: Алматыда ірі есірткі партиясы тәркіленді

Алматыда есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен шамамен 1,5 келі мефедрон және 500 грамм гашиш табылған. Бұл туралы Newsroom.kz NUR.KZ⁠ ке сілтеме жасап хабарлайды.

1,5 келі мефедрон: Алматыда ірі есірткі партиясы тәркіленді
Фото: Алматы қаласы ПД

Арнайы операцияны Алматы қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп жүргізген. Іс-шара «Қарасора» жедел-профилактикалық операциясы аясында өткен. 

Полицияның мәліметінше, алдын ала тергеу барысында күдіктінің есірткіні жасырын орындарға жасыру арқылы таратқаны анықталған. Ер адам тыйым салынған заттарды өзі де «закладка» арқылы алып, кейін Алматы аумағында таратқан деген болжам бар. 

Күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын және заңсыз есірткі айналымына қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтап жатыр. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→