Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сәбиін суықта тастап кеткен ата-ана табылды

Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталуда

Сәбиін суықта тастап кеткен ата-ана табылды
Фото: Astana.tv

Қарағандыда үйлердің бірінің кіре берісіне суықта тастап кеткен кішкентай сәбидің ата-анасы табылды,-  деп хабарлайды newsroom.kz порталы Қарағанды облысы полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абырой болғанда, суықта жатқан баланы тез арада байқап, құтқарып қалған. Бүгін, 2024 жылдың 28 ақпанында сәбидің ата-анасы табылды.

Қарағанды ​​облысы полициясының баспасөз қызметі қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатқанын түсіндірді.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер балаға қауіп төндірді деген күдікпен 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйелді анықтады,- деді Қарағанды ​​облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер де жарияланбайды.

Нәрестенің ата-анасын табуға төрт күн кетті. Сәби 2024 жылдың 24 ақпанында Қарағандының оңтүстік-шығыс секторындағы үйлердің бірінің кіреберісінен табылды.