Қарағандының экс-әкімі, белгілі саяси және қоғам қайраткері Шәймерден Оразалиновтың ұлы қарт анасын ұрып-соққан,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы patriotkaragandy instagram парақшасына сілтеме жасап.
Бұрынғы әкімнің баласы 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырып, ішкі мүшелерін зақымдаған.
Өз ұлынан қорлық көрген қарт әйел баласына зиян тигізбес үшін жедел жәрдем шақыруға қорқып, екі күн бойы үйінде жатқан. Алайда үшінші күні қарт әйелдің ауыр халін көрген көршілер оның нашарлап бара жатқанын айтып, дәрігер шақырған.
Таяқ жеген әйелдің жағдайын көрген дәрігерлер полицияға хабарласып, полиция қызметкерлері оның ұлын ұстады. Жауап алу кезінде ол проблемаларға байланысты жүйкесі жұқарғанын, сол себепті анасына ренжігенін айтты.
Қарағандының тергеу соты қазір марқұм Оразалиновтың ұлын екі айға қамауға алды.
Шаймерден Оразалинов Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарды, мәжілістің екінші және үшінші шақырылымдарының депутаты болды. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы. Ол 2019 жылы 30 сәуірде 77 жасында дүниеден өтті.