Күнделікті таралып жатқан ақпараттың тым көп әрі әр алуандығына орай қайырымдылық бастамалар мен жобалар туралы жаңалықтар көп жағдайда тасада қалып қояды,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Дегенмен, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді, оны шешу үшін қабылданып жатқан шараларды халыққа әркез жеткізіп отыру маңызды. Халық проблемаларының тиісті деңгейге жеткенін, жетіп қана қоймай шешіліп жатқанынан болуы аса маңызды.
Бұл материалда «Халық» қайырымдылық қоры жүзеге асырып жатқан, Қазақстанның жекелеген аймақтарының ауыз суға қолжетімділігін жақсартуға бағытталған негізгі жобаларға шолу жасалады. Ол жайлы қордың атқарушы директоры Әсел Әлімханова айтып берді.
Қажетті инфрақұрылымы бар, ауыз суға тапшылықты сезініп көрмеген көптеген қала тұрғындары еліміздің кей өңірлерінде таза ауыз судың тәулігіне тек бірнеше сағатқа ғана берілетінінен хабарсыз болар. Десе де бұндай проблемасы бар елдімекендер елімізде кездеседі. Осыған сәйкес «Халық» қоры Қазақстанда тұщыту қондырғыларын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Оның бір жарқын мысалы – Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында 15 мың ауыл тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған қуаттылығы тәулігіне 4000 м^3 болатын тұщыту зауытының салынуы.
Қазір Сайын Шапағатов ауылында қордың тұщыту қондырғысы жұмыс істеп тұр, соның арқасында тұрғындар таза суға қол жеткізді.
Бұл жобалар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосары сөзсіз.
Сонымен қатар, Қор Жаңаөзендегі қайта өңделген суды пайдалануға арналған зауыт құрылысына қаржы бөлді. Ондағы мақсат – қаланың жасыл алқаптарын аяқ сумен қамтамасыз ету. Бұл қадам да экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың қолайлы ортада өмір сүруіне үлес қосады деп күтілуде.
Жергілікті кәсіпкерлікті қолдау мәселесі де назардан тыс қалмады. Қор Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлеріне көмектесіп, оларды тәтті құмай өсіруге қажетті су тазарту қондырғыларымен қамтамасыз етті. Бұл өз кезегінде 200 қала тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін Жаңаөзендегі қант өңдеу зауытын қайта іске қосудың алғышарты болды.
Көріп отырғанымыздай, «Халық» қорының әрбір бастамасы қазақстандықтардың өміріне әсер етіп, қайырымдылық іс-шаралардың маңызды екенін және оның қоғамдағы елеулі оң өзгерістерге әкелетініне көз жеткізуде.