Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 қаңтар, 2024 / NewsRoom / Аймақтар

Депутат қан орталығының құрылысы кешікпесін депті

Өскеменде салынып жатқан гемотологиялық орталық сақалды құрылысқа айналмауы тиіс депті Лұқбек Тұмашинов.

Депутат қан орталығының құрылысы кешікпесін депті

Парламент Мәжілісінің депутаттары Лұқбек Тұмашинов пен Ерлан Сайыров жаңадан ашылған Марқакөл, Қатон-Қарағай аудандарын аралап, жұртшылықпен кездесіпті. 

Кездесу барысында аудандардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында шекаралық елді-мекендерді дамыту жоспарлары талқыланды. 
Депутаттар сонымен қатар Өскенмен қаласында салынып жатқан гемотология орталығының, жаңа мектеп пен көпсалалы колледж құрылысымен танысты. Бұл нысандар AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасына кірген. Жоспар бойынша гемотология орталығы ең соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, еліміздегі ең озық клиникалардың бірі болуы тиіс. Тұмашиновтың пікірінше, орталық көпсалалы ауруханаға айналуы тиіс. 

«Бұл нысанды көпсалалы аурухана ету керек. Орталық облыс орталығына керек, солай жоспарланған. Егер біз гемотология орталығын ашсақ оған лайықты мамандар жоқ, оқытып дайындау керек. Мұның барлығын дұрыс жоспарлау қажет. Нысан құрылысы созылып кетуі мүмкін. «Сақалды құрылыс» ешқандай жақсылық әкелмейді. Қазірдің өзінде жобаға 29 млрд салынған», - деп пікір білдіріпті Л.Тұмашинов. 

Шығыс Қазақстанға сапар аясында депутаттар облыс әкімі Ермек Көшербаевпен кездесіп, Риддер ЖЭО жұмысын қалпына келтіру, жаңа аудандарды қаржыландыру жұмыстарын да талқылады. Алтай, Риддер қалалары мен Күршім ауданындарына барып, жұртшылықтың өтініш-тілектерін тыңдады.