weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада есірткі қосылған печенье интернет арқылы сатылған

Астанада «Пепе» интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатты деген күдікке ілінген топтың әрекеті тоқтатылды. Кәдімгі есірткі заттарымен қатар, сатып алушыларға каннабис шайыры қосылған печенье де ұсынылған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Астанада есірткі қосылған печенье интернет арқылы сатылған
Фото: Жасанды интеллект

Полиция мәліметінше, арнайы операция Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп жүргізілген. Іс-шара барысында құрамында каннабис шайыры болуы мүмкін 238 печенье тәркіленді. Әрқайсысының салмағы шамамен 100 грамм болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, топ мүшелері өзара міндеттерді бөліскен. Бірі интернет-дүкендегі сауданы ұйымдастырса, өзгелері есірткіні өлшеп-ораумен, сақтаумен және жасырын орындарға қалдырумен айналысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, интернет-дүкен тәулік бойы жұмыс істеген.

Арнайы операция кезінде жалдамалы пәтерлерден жасы 30-дан асқан бес ер адам бір мезгілде ұсталды.

Тінту барысында шамамен 12 келі есірткі заты табылған. Оның ішінде 8 келіден астам марихуана, 1,5 келі гашиш және шамамен 2 келі каннабис шайыры бар.

Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер