weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылған

Ақтау теңіз порты арқылы мұнай өнімдерін шетелге заңсыз әкету схемасы әшкереленді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бірнеше жыл ішінде шетелге 160 мың тоннадан астам өнім шығарылған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылған
Фото: ашық дереккөз

Тергеу деректеріне сәйкес, Маңғыстау облысындағы кәсіпкер мұнай өндіруші компаниялардан шикі мұнай сатып алып, оны Standart Petroleum және Mangystau Oil Refining шағын мұнай өңдеу зауыттарына жіберіп отырған.

Өңдеуден кейін дайын өнімге жалған сапа паспорттары рәсімделген. Бұдан соң мұнай өнімдері пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау портында танкерлерге тиеліп, шетелге жөнелтілген.

2019–2023 жылдар аралығында Batys Nefte Trade компаниясы арқылы шамамен 45 млрд теңгенің өнімі заңсыз экспортталған. Жалпы, ұйымдасқан топ шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімін шығарған.

2026 жылы іске қатысы бар тұлғалардың мұнай өңдеу зауыттары, танкері және өзге де мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар мемлекет пайдасына заңсыз табыс пен төленбеген салықтар есебінен 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.

Іс бойынша зауыттар мен сауда компаниясының басшылары кірген бес адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінген негізгі тұлға әлі ұсталған жоқ. Ол халықаралық іздеуге жарияланған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер