Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа қатысты шу шықты

Сәкен Бибосыновқа қатысты шу шықты

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының бүрыңғы әкімі Өмірзақ Естайұлы бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтер кілтін табыстаған еді. Бірақ, оның бәрі өтірік екен. Бұл туралы блогер Олжас Мамыр Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Бірақ бұның бәрі өтірік болып шықты. Ол үйді Сәкеннің атына әлі аудармаған. Берілген баспана арендалық үй. Turkistan Sport үйді қашан табыстайсыздар? Әлде барлық жерде осылай дүркіретіп беріп, көзбояушылыққа өттіңіздер ме? Қанат аға, өтініш тез реттеп берсеңіз. Әйтпесе басқада дүниелердің арты ашылады. Ақша жинауға байланысты. Үйді берсеңіздер, менде тынышпын. Бермесеңіздер, Ақордаға шығуға мәжбүрміз, - деп жазды блогер.

Блогер Түркістан облысының қазіргі әкімі Дархан Сатыбалдыға өтініш жасады.

Құрметті, Дархан аға! Сізден үлкен өтініш. Облыстың спортына назар аударсаңыз. Спортшыларды демеу орнына артты шикі тірліктер жасалып жатыр. Бұл деңгейде кетсек, облыстан чемпиондар қашып кетеді. Париж алтын алады деген үміт Сәкенде көп. Ертең бетіне қарай алмай тұрмайық.

Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан «Тұран» бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын» деген Сәкен Бибосынов әлі қоныс аудара алмай жүр, - деп жазды Олжас Мамыр.

Жүктелуде...