Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 желтоқсан, 2023 / Майра Ділдахан / Жаңалықтар

27 миллион теңгеге жуық айыппұлын төлемей жүрген

Toyota Camry мінген қазақстандық 27 миллион теңгеге жуық айыппұлын төлемей жүрген

27 миллион теңгеге жуық айыппұлын төлемей жүрген
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 27 миллион теңге берешегі бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, - деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Түркістан Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны инспекторлары сот орындаушылармен бірлесіп рейдтерді жалғастырып жатыр. Яғни бұл жолы патрульдік полиция қызметкерлеріне "Қорғау" қосымшасы арқылы төленбеген қарызы бар 47 жас шамасындағы автокөлік жүргізушісі туралы хабарлама келді.

"Түркістан тұрғыны Toyota Сamry 55 автокөлік иесінің 27 миллион теңгеден астам қарызы бар екені анықталып, автокөлікті айыптұраққа орналастырды. Полицейлер тарапынан жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттігі туралы ескертілді", - делінген хабарламада.