Жол апаты 11 қазанда Гебзе – Орхангази – Измир тасжолындағы Ақхисар ақылы өткізу бекетінің маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Бурса қаласынан Измирге бағыт алған туристік автобус жол айрығынан өтіп кеткен соң кері қозғалған. Осы кезде артынан келе жатқан ағаш тиелген жүк көлігі автобусқа соғылған. Соқтығыс салдарынан екі көлік те жол жиегіне аударылған.
Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, полиция және құтқару қызметтері жұмылдырылды. Жараланған 27 адам ауруханаларға жеткізілген.
Түркияның Anadolu агенттігі мен жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апатқа байланысты тергеу басталған. Автобустың жүргізушісі, қосалқы жүргізушісі және жүк көлігінің жүргізушісі ұсталған.
Оқиғаның нақты себептері тергеу барысында анықталады.