"ODARA": Келесте зорлық-зомбылықтың алдын алу әдісі талқыланды

Келесте халықаралық тәжірбиеден өткен әдіс туралы айтылды

фото: polisia.kz

Келес аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлеріне «ODARA» тәуекелдерді бағалау құралын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Келес аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 30 маусымдағы ҚазақстанРеспубликасы ІІМ алқасында учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды кешенді қайта форматтау жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетілетінін, агрессорларға қатысты-тек «репрессиялық» шаралар қолданылатыны жөнінде Келес АПБ ЖПҚ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы полиция майоры Э.Есенкулова, Канадалық «ОДАРА» әдісі бойынша Келес АПБ жеке құрамымен кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізді.

«ODARA» – Канадада, Онтарио қаласында әзірленген тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелін бағалаудың халықаралық құралы (Ontario Domestic Assault Risk Assessment).

Агрессорды қайта тәрбиелеу мәселелері Азаматтық қоғам өкілдеріне жүктеледі. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша мәселелерді шешу агрессорды сөзсіз бас бостандығынан айыруға емес, оның толыққанды өмірге оралуына және жәбірленуші тараппен татуласуына бағытталған жұмыстар болып табылады.

Агрессорларды психологиялық көмекке мұқтаж адамдар ретінде қабылдайды, ал құқық қорғау органдары үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі-ҮЕҰ) бірлесіп агрессормен оның психокоррекцияға келісім беру туралы өтініші негізінде жұмыс жүргізеді.

Бұл тәсіл полицияның жалпы үйлестіруімен барлық уәкілетті органдар мен азаматтық қоғамның нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты бағалаудың бұл құралы агрессорларда қайталанатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің қаупін болжауға мүмкіндік беретінін айтып түсіндіріп, жиналыс барысында Келес АПБ жеке құрамы, ЖПҚ УПИ тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, жиналыс барысында пікір таластар болып, алдағы уақытта отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық жәйттерінің дәрежесін бағалау үшін «ODARA» әдісі бойынша арнайы әзірленген алгоритімі мен сауалнамалар УПИ-на жеке-дара таратылып, осы бойынша жұмыс жасау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Айта кетейік, “ODARA” – жақын әлеуметтік қарым-қатынастардағылардың зорлық-зомбылық жағдайларын қарастыруға мүмкіндік беру үшін Канаданың психикалық денсаулықты зерттеу орталығы әзірлеген сауалнама. Бұл сауалнама полиция қызметкерлеріне жұбайы тарапынан зорлық-зомбылықтың қайталану ықтималдығын бағалауға септеседі. Сауалнама 13 сұрақтан тұрады және тиісті қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қатысушыларға бұл сауалнама не үшін жасалғаны, оның қалай жұмыс істейтіні және оның қаншалықты тиімді екендігі түсіндірілді.

Осы орайда айта кетсек, елімізде тұрмыстық күш көрсетуді болдырмау мақсатында әлсіз азаматты немесе әйел адамның құқығын өз дәрежесінде қорғау үшін ең алдымен заңнамалық тұрғыдан «қаруланып» алған абзал. Яғни, қазіргі заңдар заман сұранысына сай болуы тиіс. Осы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мемлекетімізде «Тұрмыс­тық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы заңы қабылданған. Қазіргі таңда аталмыш заң азаматтарымыздың қорғанына айналып отыр. Ең бастысы, зорлық құрбаны өзінің шынайы жағдайын жасырып қалмауы қажет.

«Әрбір отбасы – кішігірім шаңырақ» екенін ескере отырып, осы шағын шаңырақтардан құралатын Қазақстан атты үлкен мемлекетіміздің болашағы кемел болсын десек, отбасы құндылығы мен ерлі-зайыптылардың жеке-жеке құқықтары сақталынып, ба­ла­лардың тәтті де бақытты ғұмыр кешуіне атсалысуымыз керек!

 

Жүктелуде...