Оқиға биыл 27 мамырда Теректі ауданының Шаған кентінде болған. 32 жастағы Сырымбек Сайлауов бұрынғы әйелі мен балалары тұратын үйге барған. Үйде оның туған інісі де болған. Қызғанышқа бой алдырған ер адам әйелін 19 рет пышақтап, інісіне де қол жұмсаған. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.
Сот-медициналық сараптама айыпталушының қылмыс кезінде аффект күйінде болмағанын анықтады. Алайда оның адвокаты бұл шешіммен келіспей, қорғауындағы азамат тек қазақ тілінде сөйлейтінін, ал сараптама аудармашысыз орыс тілінде жүргізілгенін айтты.
Прокурор Сайлауовты ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді және кісі өлтіруге оқталды деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айыруды және 30 млн теңге моральдық өтемақы төлеуді сұрады.
30 қазанда үкім жарияланып, алқабилер айыпталушыға 16 жыл жаза кесті. Сондай-ақ ол марқұмның туыстарына 10 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Сайлауов үкіммен келіспейтінін айтып, алқабилер құрамында әйелдер басым болғанын алға тартты. Ол апелляция беруге ниетті.
 
 