Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 14:00 / Перизат Ілес / Әлем

Әлемнің ең үздік қонақүйлері белгілі болды

The World’s 50 Best Hotels сыйлығының қазылар алқасы 2025 жылғы әлемнің ең үздік 50 қонақүйінің тізімін жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әлемнің ең үздік қонақүйлері белгілі болды

Бірінші орынды Гонконгтағы Rosewood қонақүйі иеленді – ол Азиядағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ең үздік қонақүй деп танылды. Ондағы ең арзан нөмірдің бір түндік бағасы 650 долларды құрайды. Сарапшылар бұл қонақүйді «теңіз жағасындағы сән-салтанат мекені» деп атады.

Екінші орында Four Seasons Bangkok қонақүйі тұр, мұнда бір түннің бағасы 450 доллардан басталады. Бұл қонақүйдің ауқымы курортқа ұқсас және ол кең сауықтыру орталығын қамтиды. Үшінші орынды былтырғы көшбасшы Capella Bangkok қонақүйі иеленді, мұндағы бір түндік баға 600 доллардан басталады.

Ал үздік ондыққа мыналар кірді:

Passalacqua (Комо көлі, Италия), Raffles Singapore, Atlantis The Royal (Дубай), Mandarin Oriental Bangkok, Chablé Yucatán (Мексика), Four Seasons Firenze (Флоренция) және Upper House Hong Kong.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату