Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілеріне жол бермеу жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында Түркістан облысының полиция департаментінде тәжірибелі полицейлер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін өткізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 4 тұрғынын анықтады.
Олардан 1 жүк тиегіш және "Хово"маркалы 12 жүк автокөлігі тәркіленді. Автокөліктер тұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта олардың құмды заңсыз өндіруге қатысы бар екендігі дәлелденді, ал келтірілген шығын шамамен 32 миллион теңгені құрады. Бүгінде ҚР ҚК-нің 334-бабы 2-бөлігі бойынша "жер қойнауын өз бетінше пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзу фактілерін анықтау мен жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.
Бүгінгі таңда тұлғалар тарапынан жер қойнауын заңсыз пайдалану іс-әрекеттері жиі тіркеледі. Құм, қиыршық тас секілді т.б құрылысқа қажетті заттар базар нарығында үлкен сұранысқа ие. Бұл шикі заттарды тасымалдаушылардың да заңды және заңсыз әрекеттері көрінеді.
Алайда үнемі заңдылықты сақтауды қатаң ұстанатын тәртіп сақшылары заңсыздықтардың алдын алу мен оны жоюды өздерінің міндеті деп біледі. Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау инспекторлары тап осы табиғатқа қатысты заңсыздықтарды болдырмау мақсатында облыс аумағында рейдтік іс-шараларды жиі атқарып келеді.
Жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату, өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, алдағы уақытта жер қойнауына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау, болдырмау мақсатында жедел алдын алу шараларының жиі өткізелетіндігін хабарлай отырып, заң бұзушылықтарға жол бермеулеріңізді сұранамыз. Егерде жоғарыда аталған жайттар бойынша заңсыздықтар орын алса, онда сіз ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен жауапкершілікке тартылып, назарға ілігесіз. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану (шағал, құм, тас, топырақ т.б.) дерегі анықталған жағдайда, шұғыл түрде жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторына хабарласуға, сондай-ақ жедел желі "102"-ге де хабарласуларыңызға болады. Сондықтан пайдалы қазбаларға деген сұраныстың жоғары болуы, құқықбұзушыларға әрі қарай заңсыз әрекет жасауларына мүмкіндік туғызатыны белгілі.