weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өскеменде полицей жанжалдан кейін қаза тапты

Өскеменде дәмханалардың бірінде болған жанжалдан кейін 40 жастағы ер адам көз жұмды. Қаза болған азамат полиция қызметкері болған, алайда оқиға кезінде қызметте болмаған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Өскеменде полицей жанжалдан кейін қаза тапты
Фото: 5region

Оқиға 4 қазанға қараған түні қаланың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған. Полицияның мәліметінше, марқұм басқа келушінің өзін дұрыс ұстамағанына байланысты оған ескерту жасаған.

Осыдан кейін келуші оған дене жарақатын салған. Ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиға кезінде тағы бір келуші де зардап шеккен.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаза болған азаматтың полиция қызметкері екенін растады. Алайда жанжал кезінде ол қызметтік міндетін атқарып жүрген жоқ.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайларын жарияламады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер