Оқиға 3 ші қазан сағат 17:00 шамасында Абай көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Полицияға болған жағдай туралы куәгерлер хабарлаған.
Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам жас жігітке пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан ол сол жерде көз жұмған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде оқиғаның себебіне қатысты түрлі ақпарат тараған. Алайда полиция бұл нұсқаны ресми түрде растаған жоқ.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.