Жергілікті БАҚ мәліметінше, RED İç Giyim дүкенінің ашылу салтанатына Аладжа қаласының әкімі Шериф Арслан, AK Parti және MHP партияларының жергілікті бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен қоғам өкілдері қатысқан. Дұғадан кейін лента қиылып, дүкен жұмысын бастаған.
Оқиғаға қатысты бейнежазбалар әлеуметтік желіде тараған соң, рәсімге байланысты түрлі пікірлер айтылды. Кейбір қолданушылар іш киім дүкенінің ашылуында дұға оқылуын сынға алды.
Осыдан кейін қала әкімі Шериф Арслан сынға жауап берді. Ол дүкеннің ашылуына кәсіпкерлерді қолдау мақсатында барғанын айтып, сатылатын тауарлардың заңсыз емес екенін жеткізді.
«Іш киімді бәрі бірдей кимей ме?» — деді әкім.
Сондай-ақ ол дүкен ашылуына шақырылғандықтан барғанын, ал дұға оқыған бұрынғы имам рәсім кезінде сәл артық кеткенін айтқан.
Оқиға түрік әлеуметтік желілерінде қызу пікірталас туғызды.