Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Қауіпсіз ел»: Полицейлер мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге бағытталған кездесу өткізді

Мақтаралда полицейлер оқушылармен кездесу өткізді

«Қауіпсіз ел»: Полицейлер мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге бағытталған кездесу өткізді
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция бөлімінің ғимаратында мектеп оқушыларына «Ашық есік» күнін өткізді. Іс-шара «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жасөспірімдер арасында кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиын барысында полиция майоры Бекбол Жиренбаев тәртіп сақшыларының қызметтік саласын таныстырып өтті. Сондай-ақ әрбір құқық бұзған адам заң алдында жауап беретінін алға тартып, ондай қадамға бармауға кеңес берді.

Мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерді ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жүргізді. Оқушыларға полиция қызметінің қыр-сырын ашып түсіндіріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл мамандықтың қиындығы мен жауапкершілігін алға тартып, тәртіп сақшысы болу үшін төзімділік пен сабырлылық, жылдамдық, асқан жауапкершілік қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, кәсіби бағдар  – білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.  Оны дұрыс бағыттау өте маңызды.

Кәсіби бағдарлаудың көптеген бөлімдері бар.

1) кәсіби ағарту – әртүрлі мамандықтардың әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық ерекшеліктері туралы адамның белгілі білім (ақпарат) жиынтығымен қарулануы; олардың бірін дұрыс таңдау шарттары туралы; адамның кәсіби және қоғамдық қызмет түрлеріне оң көзқарасын тәрбиелеу;   уәжделген кәсіби ұмтылысын қалыптастыру. Кәсіби ағарту екі элементті құрайтын ақпараттан тұрады: кәсіби насихат және кәсіби үгіт – қажетті мамандықтар туралы адамға мәліметтерді хабарлау және сол мамандықтарды игеру шарттары мен тәсілдері туралы ақпараттандыру, республикаға, өңірлерге қажетті әлеуметтік маңызы бар әрі тапшы мамандықтарды насихаттау;

2) кәсіби диагностика – кәсіби бағдар тестілер әдістемесін қолданып адамның тұлғалық ерекшелігіне немесе таңдауына жақын келетін мамандықтарға сәйкестігін анықтау мақсатында оның тұлғасын, қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін зерделеу;

3) кәсіби консультация – қоғам сұранысы мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мүмкіндіктеріне сай мамандық таңдауда, кәсіби мансапты жоспарлауда көрсетуге негізделген кәсіби бағдар жүйесінің құрамдас бөлігі; адамның дара ерекшеліктерін ұзақ зерделеу негізінде кәсіби өзіндік анықталуын дамыту бойынша адам қызметін мақсатты басқару. Кәсіби консультация кеңес алушының зияткерлік, физикалық, психологиялық ерекшеліктерін, жалпы және кәсіби дайындық пен қызығушылықтарын, бейімділіктері мен қабілеттерін, қандай да бір мамандық бойынша қызметкерге қойылатын медициналық және психологиялық талаптарды, мамандыққа қоғамдағы сұранысты, мамандық бойынша оқыту мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;

4) кәсіби іріктеу – нақты еңбек түріне адамның жарамдылығын (сәйкестігін) анықтау;

5) кәсіби жарамдылық - еңбектің қолайлы тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті зияткерлік, физикалық, психологиялық қасиеттер, сондай-ақ арнайы құзыреттіліктердің жиынтығы. Мысалы, әскери қызметке соғыс және бейбіт жағдайында қажетті құзыреттіліктер әртүрлі. Сонымен қатар кәсіби жарамдылық ұғымына еңбек процесін және оның нәтижелерін бағалауда адамның өзіндік уайымдарының қанағаттануы жатады. Нақты бір қызмет бойынша кәсіби жарамдылық белгілі бір психологиялық, психофизиологиялық, антропологиялық, медициналық және басқа өлшемдерге байланысты негізделеді. Кәсіби жарамдылық деңгейін анықтау үшін әртүрлі диагностикалық құралдар қолданылады: жетістік тестілері, кәсіби маңызды психофизиологиялық және психологиялық қызметтерді тестілеу, мотивацияны, құндылық бағдарды зерделеу тестілері т.б. Кәсіби жарамдылық деңгейін анықтау тек қабілетті зерттеу тестілерімен шектелмеуі қажет.    

6)кәсіби бейімделу – адамның өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға, еңбек шарттары мен нақты мамандық ерекшеліктеріне бейімделудің белсенді процесі арқылы іске асырылады.