Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Полицей мотоцикл жүргізушісін тоқтатамын деп қағып кетті

16 тамыз күні Риддер қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Полицей мотоцикл жүргізушісін тоқтатамын деп қағып кетті
Фото: mymotoshop.ru

Алдын ала дерекке қарағанда, полицей жүргізуші куәлігінсіз жүрген мотоцикл жүргізушілерін тоқтатпақ болған. Алайда ол қарсы жолаққа шығып, қос сызықты кесіп өтіп, үш байкердің бірін соғып кеткен.

Полицияның мәліметінше, қызметтік автокөліктің жылдамдығы жоғары болмағандықтан, мотоцикл жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Бірақ ол жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны және маневр жасау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Ал полицейдің әрекетіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, қызметтік тексеріс тағайындалды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату