Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылған, артынан ВАЗ-2115 көлігімен қақтығысқан. Соның салдарынан материалдық шығын келген. Апаттан кейін жүргізуші көлігін тастап, ізін суытқан.
Куәгерлердің айтуынша, жолда жүйткіген көлік жанындағыларға қауіп төндіріп, бағдаршамның қызыл жарығына да тоқтамай, қала ішінде ирелеңдеп жүрген. Полиция қызметкерлері бұл көріністі «GTA ойынындағыдай жағдай» деп сипаттады.
Қазір жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 4 бабы бойынша іс қозғалды:
– мас күйде көлік жүргізу;
– жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу;
– жол жүру ережесін өрескел бұзып, апаттық жағдай туғызу;
– бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту.
Көлік айыптұрағына қойылып, жүргізуші уақытша бейімдеу мекемесіне жеткізілді. Материалдар сотқа жолданды.