ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыстан қаза тапқандар саны 3 мыңға жетті. Ал Израиль аумағында 1,2 мың және Газа секторында 1,5 мың адам ажал құшты, деп хабарлайды newsroom.kz ақпараттық порталы rbc.ru ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Израильдің Мәскеудегі елшісі "ХАМАСТЫҢ" барлық инфрақұрылымы жойылғанға дейін атысты тоқтату туралы келіссөздер болмайды деп мәлімдеді.
Ал Палестина билігі жағдай гуманитарлық апатқа жақын екенін айтып дабыл қағуда. Мұнда ауруханаларда орын болмай, жүздеген үйлер қирап жатыр. Сонымен қоса, БҰҰ 11 қызметкердің қаза тапқан. Олардың денесі отбасыларымен бірге қираған үйінділердің астынан табылды.
Айта кетейік бұл аймақтағы жарты ғасырдағы ең үлкен қарулы қақтығыс.