weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақкөлде үйден 45 млн теңге ұрланды деген ақпарат тарады

Ақмола облысының Ақкөл қаласында жеке үйге ұрлыққа түсу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Полиция қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адамды анықтаған. Олардың екеуі ұсталып, қалған екеуін іздеу жалғасуда. Ал әлеуметтік желілерде ұрланған ақшаның жалпы сомасы шамамен 45 миллион теңге болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Ақкөлде үйден 45 млн теңге ұрланды деген ақпарат тарады
Фото: ашық дереккөз

Оқиға туралы мәлімет Kozachkov Offside Telegram-арнасында жарияланған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, белгісіз адамдар үйге терезе арқылы кіріп, теңге, АҚШ доллары және еуромен сақталған ақшаны алып кеткен. Жазбада жәбірленуші ретінде Ақкөл қаласының бұрынғы әкімі аталады. Алайда полиция оның жеке басы туралы ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Ақмола облысының полиция департаменті алдын ала мәлімет бойынша, ұрлық биыл 28 тамызда болғанын хабарлады. Белгісіз адамдар жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, ірі көлемдегі ақшаны жымқырған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары төрт адамның іске қатысы болуы мүмкін екенін анықтаған. Олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар полиция әлеуметтік желіде көрсетілген ұрланған ақшаның нақты сомасын да, жәбірленушінің бұрынғы әкім екені туралы ақпаратты да растаған жоқ. Ведомствоның мәліметінше, тергеуге қатысты өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер