Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

1,5 млн теңгеге оқуға түсіремін деп алдап соқты

Астанада алаяқ 1,5 млн теңгеге ЖОО-ға орналасуға уәде берді

1,5 млн теңгеге оқуға түсіремін деп алдап соқты
фото: polisia.kz

Астанада алаяқ 1,5 млн теңгеге ЖОО-ға орналасуға уәде берді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz.сайтына сілтеме жасап. 

28 жастағы алаяқ жоғары оқу орнына түсуге көмек көрсетем деген желеумен астаналықтың ақшасын иемденді. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрайды.

Елордалық тұрғын полицияға арыз беріп, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары анықтағандай, алаяқ "жоғары" байланыстарға жүгініп, талапкерді төмен баллға қарамастан ЖОО-ға орналастыруға уәде берді. Ол өз қызметін 1,5 млн теңгеге бағалап, 600 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алды. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ дереу байланысты үзген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Тергеу нәтижесінде оның тағы бір ұқсас алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында осындай істерге қатысты іс-қимылдар жасауға қатысуы анықталуда.