Оның сөзінше, қазіргі таңда дербес деректердің таралуына байланысты салынатын айыппұл мөлшері жеткіліксіз. Сондықтан бұл мәселе өзге мемлекеттік органдармен және депутаттармен бірлесіп қайта қаралып жатыр.
«Қазір заң бойынша жауапкершілік мекеменің басшысына жүктеледі. Айыппұлдар арттырылды, ең жоғарысы — 2000 АЕК. Алайда бұл кейбір ірі компаниялар үшін аз болуы мүмкін», — деді вице-министр.
Сонымен қатар, дербес деректерді тек мемлекеттік органдар ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы жеке компаниялар да сақтайтынын атап өтті. Осыған байланысты айыппұлмен шектелмей, қылмыстық жауапкершілік енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр.