Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қылатындарыңды қылып алыңдар - Зайытов қатты айтты

Кейінгі екі күнде маған қарай екпінді ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды.

Қылатындарыңды қылып алыңдар - Зайытов қатты айтты
Ғаламтор желісінен

Оны өзім де күткенмін. Себебі, оған етім үйренген – деп жазды newsroom.kz қоғамға танымал ақын-депутат Ринат Зайытов өзінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. 

«Мұндай шабуылдар маған 2008, 2011, 2019-ыншы жылдары да жасалған. Жасырмаймын оңай емес. Бірақ шыдауға тура келеді. Енді сіздерге бұл технология қалай жасақталатынын түсіндіруге тырысайын. Мысалы осы жолғы шабуылдың тақырыбы менің намаз оқып жүріп алаяқтық жасайтын адамдар жайлы айтқан сөзімді алға тартып, сол арқылы қоғамды маған қарсы қоймақ. Мақсаты белгілі. Біріншісі- мені қорқыту, екіншісі-менің жеке басыма қастандық жасалса, осы себептен екен дегізу. Сөз жоқ ақылды жүріс. Екеуінің біреуіне жеткенше олардың тоқтамайтынын да білемін. Тәуекел. Маңдайға жазғанын көреміз... бәріне бірдей бір ғана жауабым бар.
Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын! Өйткені оған себеп көріп тұрған жоқпын. Әлеуметтік желі шулады екен деп, дірілдейтін қорқақтарың мен емес. Алға қойған нақты мақсатыммен жоспарым бар. Сол жұмыстарды бітіруім керек. Мәжіліс мінберінен халыққа берген антым бар. Берілген мерзім бес жыл. Сол бес жылымды халықтың мүддесін қорғауға арнаймын. Басқасы бір жаратқанның құзырында. 
Түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын» - деген оны қорқытпақ болғандар да шығып жатыр екен. 

Себебі, «P.S Ватсабыма шығып, қорқытпақшы болып жатқан батырсымақтар.
Сендерден шошып жүретін жағдайым жоқ. Аптасына бес күн жұмысқа жаяу барып, жаяу келемін. Қылатындарыңды қылып алыңдар. Оққағарым да, сендер айтқан "братвам" да жоқ. Сенгенім бір Құдай» - деп сөзін түйіндеген. 

Қоғам назарында қызу талқыланып, мың жарым лайк жинап, көптеген комментер түскен постқа «Алланың қорғанын ешкім бұза алмайды», «Мықты юрист жігіттер барма арамызда Ринатқа қорған болатын?» - деген комменттер жазылған.