Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жол қозғалысына қатысты жаңа айыппұлдар енгізілді

13 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Кейбір жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзғаны үшін айыппұлдар арттырылса, кейбір жайттар бойынша жаза жеңілдетілді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Жол қозғалысына қатысты жаңа айыппұлдар енгізілді
Сурет: informburo.kz

Қандай жаңа айыппұлдар енгізілді?

- Көліктің салонынан дененің бір бөлігін шығару, есікті қозғалыс кезінде ашу немесе жүк салғышта (кузовта) жүру – 10 АЕК (шамамен 40 000 теңге). Бұл талапты бұзған жүргізушілер де, жолаушылар да жауапқа тартылады.  

- Бұрын айыппұлдан босатылған мүмкіндігі шектеулі жүргізушілерге қарсы жолаққа шығу үшін 30 АЕК (118 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады.  

- Теміржол өткелдерінен өту ережесін бұзғаны үшін айыппұл екі есеге көбейді – 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке  (78 000 теңге).  

- Жедел жәрдем, полиция көліктеріне жол бермеу айыппұлы 3 есеге артты – 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке (78 000 теңге), ал қайталанған жағдайда 40 АЕК (157 000 теңге) болады.  

- Жол-көлік оқиғасын (ЖКО) тудырған қарсы жолаққа шығу үшін жүргізуші 6 айға емес, 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады.  

Жаза қай жағдайларда жеңілдетілді?

- ЖКО-да зардап шеккендер болмаған жағдайда жүргізушілер бұрынғыдай 6 айға куәлігінен айырылмайды, оның орнына 20 АЕК-ке дейін айыппұл (78 000 теңге) төлеуі мүмкін.  

- Төленбеген тұрақ (парковка) үшін айыппұл 3 АЕК-тен 1 АЕК-ке (4 000 теңге) дейін төмендетілді.  

Жаңа ережелер жол қауіпсіздігін күшейтуге және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату