Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық жылытсаңыз айыппұл салына ма?

Қыста автокөлікті жылыту – қазақстандық қатал климат жағдайында үйреншікті тәжірибе. Аzattyq-ruhy.kz порталының мәліметінше ұзақ уақыт көлікті қосып қойсаңыз айыппұлға ілігуіңіз әбден мүмкін, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық жылытсаңыз айыппұл салына ма?
Kolesa.kz

Қыста автокөлікті жылыту – қазақстандық қатал климат жағдайында үйреншікті тәжірибе. Дегенмен, экологиялық нормалар мен стандарттарды ескере отырып, бұл тәжірибе даулы мәселеге айналды. Қозғалтқышты шамадан тыс ұзақ жылыту жанармайдың артық шығындалуына ғана емес, сонымен қатар көміртегі тотығы сияқты зиянды заттардың атмосфераға бөлінуіне әкеледі.

Қазақстанда тұрғын үй аймақтарында қозғалтқышы қосылған автокөліктің тоқтап тұруына тыйым салынған. Қозғалтқышы қосылған автокөліктің 5 минуттан артық тоқтап тұруы үшін 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

Бұзушылық жасағандарды жауапқа тарту үшін 5 минуттан асқан тоқтау уақыты, мемлекеттік тіркеу нөмірлері, құқық бұзушылықтың жасалған күні мен уақыты көрсетілген бейнежазба қажет.

Жол қозғалысы ережелерінің 2-тарауының 9-тармағына сәйкес, жүргізуші қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлікте белдігін тағуға, сондай-ақ белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға міндетті.

 

Бұл ережелерді сақтамағаны үшін тағы да 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады.