Бұдан былай әуе компаниялар рейстердің кешігуіне, кейінге шегерілуіне және бағыттың өзгеруіне қатысты жауапқа тартылады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Өз міндетін дұрыс атқармаған компанияларға салынатын айыппұлдар көлемін екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Мәселен, бір рет ереже бұзылса 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, егер қайталанса 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Айта кетейік, 2022 жылы отандық авикомпаниялар - 20 302 рет, 2023 жылы - 16 666 рет, 2024 жылы 17 827 рет рейстерді кешіктірген.