weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 11:54 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев пен Путин жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Кремльде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. Кездесу барысында жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық экономиканы қалыптастыру және жоғары технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды.

Тоқаев пен Путин жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Фото: aqorda

Кездесу AI Journey 2026 халықаралық конференциясы қарсаңында ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы мұндай алаңдардың тәжірибе алмасу мен озық технологиялық шешімдерді ілгерілетудегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ алғашқы форум 2020 жылы пандемия кезінде онлайн форматта өтіп, сол кездің өзінде цифрландыру мен жасанды интеллектінің рөліне ерекше назар аударылғанын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның осы бағыттағы жұмысына тоқталды. 2026 жыл елімізде Жасанды интеллектіні дамыту жылы болып жарияланды. Сонымен қатар БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде Қазақстан 24-орыннан 16-орынға көтерілді. Президент Ресейдің жоғары технологиялық компанияларымен, әсіресе киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық бар екенін айтып, «Сбер» мен «Яндекс Қазақстан» компанияларын атап өтті.

Кездесуде цифрлық экономиканың әлеуеті де қозғалды. Мемлекет басшысының мәліметінше, өткен жылы отандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Ал 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Astana Hub технопаркінің қатысушылары жиынтық табысын 7 миллиард долларға жуықтатқан. Бүгінде экожүйеде 2700 стартап пен компания жұмыс істейді. Олардың қатарында Қазақстанның алғашқы технологиялық «жалғыз мүйізі» — Higgsfield те бар.

Президент халыққа арналған цифрлық экономиканы қалыптастырудың маңызын да атап өтті. Бұл бағытта интернет азаматтарға заңды табыс табуға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашуы қажет. AI-Sana бағдарламасы аясында 100 мыңнан астам студент жасанды интеллектіні тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын меңгеріп жатыр.

Мемлекет басшысы цифрлық инфрақұрылым мен білікті мамандардың болуы жеткіліксіз екенін, сонымен қатар отандық технологиялық өнімдерді әзірлеп, оларды нақты экономикаға енгізу қажеттігін айтты. Осы мақсатта Астанада өткен Digital Bridge форумында AI Challenge бастамасы ұсынылды. Жоба кәсіпорындар мен әзірлеушілердің күшін біріктіріп, өндірістегі өзекті міндеттерді технологиялық шешімдер арқылы жүзеге асыруға бағытталған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер