weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қостанай облысында қасқыр ер адамға шабуыл жасап, қолын тістеп алған

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақкөл ауылында қасқыр ер адамға шабуыл жасады. Ата-анасына сәлем беруге келген тұрғын кешкі уақытта таныстарына бара жатқан жолда жыртқышқа тап болған. Оқиға орнына шыққан ауыл тұрғындарының бірі қасқырды атып өлтірген.

Қостанай облысында қасқыр ер адамға шабуыл жасап, қолын тістеп алған
Фото: жасанды интеллект

Оқиға кешкі уақытта болған. Ер адам ата-анасына сәлем беруге ауылға келген. Кейін үйден шығып, таныстарының үйіне қарай бет алған. Алайда жолдың жарықтандырылмаған бөлігінде кенеттен қасқырға тап болған.

Жыртқыш оған бірден тап беріп, қолынан тістеп алған. Ер адам жарық үйлерге қарай қашуға тырысқанымен, қасқыр қолын жібермеген.

Оның айқайлаған дауысын естіген көршілері көмекке жүгіріп шыққан. Сол сәтте ауыл тұрғындарының бірі аңшылық мылтықпен қасқырды атып өлтірген.

Қолынан ауыр жыртылған жарақат алған ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Halyqstan хабарлады.

Ақкөл тұрғындарының айтуынша, жабайы жануарлардың ауылға кіруі бұрыннан кездесетін жағдай. Әсіресе қыс мезгілінде азық іздеген жыртқыштар елді мекенге жиі жақындайды. Ауыл халқы мұндай жағдайлардың жиілеуіне алаңдап, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтеріп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер