weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бағдат Мусин: Жаңа жоба Қазақстанның цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтеді

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісін ресми түрде іске қосты. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин бұл жобаның еліміздің Азия мен Еуропа арасындағы маңызды цифрлық транзиттік торап ретіндегі рөлін күшейтетінін атап өтті.

Бағдат Мусин: Жаңа жоба Қазақстанның цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтеді
Фото: жасанды интеллект

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қазақстан мен Әзербайжанды Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісінің іске қосылуымен құттықтады.

Оның айтуынша, екі елдің мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев әзербайжандық AzerTelecom компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған жобаны іске қосты. Жоба аясында Каспий теңізінің түбімен ұзындығы 380 шақырым болатын талшықты-оптикалық кабель тартылып, екі ел арасында жаңа халықаралық байланыс арнасы ашылды.

«Қазақстан үшін бұл – Азия мен Еуропа арасындағы маңызды цифрлық торапқа айналу жолындағы тағы бір қадам. Жаңа бағыт халықаралық деректер транзитін дамытуға, еліміздегі Деректер орталықтары алқабын (Data Center Valley) өркендетуге және ірі технологиялық компанияларды тартуға қосымша мүмкіндіктер ашады», – деп жазды Бағдат Мусин Instagram парақшасында.

«Қазақтелеком» басшысы жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан мамандарға, соның ішінде инженерлерге, теңізшілерге, сүңгуірлерге, кабель төсеушілерге және бірнеше ай бойы жаңа инфрақұрылымды салуға атсалысқан барлық қызметкерге алғыс білдірді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер