weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жалған құжат, 251 млн теңге: БҚО-да тергеу жүріп жатыр

Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген 251 млн теңгені заңсыз иемдену дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу нұсқасына сәйкес, қаражат суару жүйелерін салуға жұмсалған шығындарды растау үшін жалған құжаттар ұсыну арқылы алынған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Жалған құжат, 251 млн теңге: БҚО-да тергеу жүріп жатыр
Фото: Depositphotos

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, күдікті өз бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арқылы инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды уәкілетті органға тапсырған.

Құжаттар Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалған шығындарды өтеуге арналған.

Тергеу барысында шығындарды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыстардың актілері ұсынылғаны анықталған. Осы құжаттардың негізінде екі серіктестіктің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған.

Кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. ҚМА мәліметінше, ақшаның бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған.

Сот шешімімен аталған жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге де мәліметтері жария етілмейді.

Күдіктінің әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға тергеу мен сот талқылауының нәтижесінде беріледі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер